Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын қызметтен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
Айта кетерлігі, Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 25 жылдан аса қызмет етіп келген. Олар комитет төрағасының орынбасары қызметіне 2023 жылғы сәуірде тағайындалған еді.