Бейнеу ауданында 16 бала тамақтан уланды. Оқиға кеше 12 қыркүйек күні болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сағат 18.34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген.
Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21.43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген.