ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға «жоқ» инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.
47 шетел азаматы, сонымен қатар Қазақстанның бес азаматы ұсталды. Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды. Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың Қазақстан азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қырағы болуға шақырады.
Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар. Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз. Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз. Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны «қауіпсіз» шотқа аударуды ұсынса – сенбеңіз, — дейді полиция.