Қазақстанның барлық аймағында жаңа заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары — АӨС орнатылады.
Бұл туралы еліміздің жоғарғы аудиторлық палатасының ақпараттық ресурсы хабарлады.
Олар әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін орнатылады. Еліміздің жоғарғы аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға талдау жүргізілді.
Бұған дейін жоғарғы аудиторлық палатасы 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тиімділігіне және көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінген қаражаттың игерілуіне аудит жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша көлік министрлігіне нарықта бар автоматтандырылған өлшеу станцияларына талдау жасап, оларды пайдалану мәселесін пысықтау тапсырылды.
Бүгінде жалпы қолданыстағы жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-M (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылған.
Астананың кіреберіс жолдарында тензөлшегіштері бар Intercomp (АҚШ) компаниясы шығарған жеті заманауи АӨС бар.
Сонымен қатар талдау негізінде АӨС-ті одан әрі республиканың басқа аймақтарында орнату жоспарланып отырғаны хабарланды.
Мәселен, көлік министрлігі әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп қосымша 220 АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықталып жатыр: халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 70, облыстық, аудандық және қала көшелерінде 150 АӨС орналастырылады.
АӨС – фото және видеоға түсіретін, көліктің түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмағы мен габариттік параметрлерін, сонымен қатар оське түсетін жүктеме мен жылдамдықты тіркейтін арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралы.