Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481-486 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 483,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге. Еуро — 534,49
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,9 теңге. Еуро 533—537 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25-5,39 аралығында саудаланып жатыр.