Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы никаб киюге қатысты түсініктеме берді.
Никаб бас киімнің бір түрі, адамның басын, бетін және иығын толығымен жауып тұрады. Екі көзі ғана көрінетін ашық жері бар.
Никаб – бұл адамның бетін жауып тұратын киім. Ал шариғат никабты міндеттемейді. Шариғатта никабпен жүруге қатысты міндет жоқ, — деді Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда бас мүфти никаб сияқты діни киімдерге заңмен тыйым салу мәселесіне қатысты өз ойын да айтты.
Никабты заңмен шектеу мәселесін заң орындары өздері шешеді. Ал біз өз насихатымызды айттық, біз заң шығармаймыз, тек мынау болады, мынау болмайды деп халыққа түсіндіреміз. Әрине, біз де заңға бағынамыз. Біз халықтың пайдасына шығатын кез келген заңға бағынамыз, — деді бас мүфти.