Ozon маркетплейсі ТМД елдеріне белсенді түрде кең таралып жатыр. Компания әсерлі қарқынмен өсіп келеді: 2024 жылдың екінші тоқсанында оның айналымы 70%-ке өсті. Бұдан сатушылар ғана емес, барлық адам ақша таба алады. Жеткізу пункттерін ашу — бизнес бастауға және тұрақты табыс көзін табуға тамаша мүмкіндік.
Жыл сайын Ресей мен ТМД елдеріндегі жүздеген кәсіпкер Ozon-ның тауар пункттерінде кәсібін ашып жатады. Бұл мақалада біз Ozon серіктестерінің тәжірибесін жаңадан ашылған жеткізу нүктесінің иесіне арнап бір күнделік етіп жидық әрі қорытындыладық.
Саланы таңдау: Неге Ozon?
Бүгінде сайтта 50 миллионнан астам белсенді сатып алушы мен 390 миллион өнім түрі бар. Статистикаға сенсек, 10 Ozon тұтынушысының сегізі керек затын сатып алу пунктерінен алуға дағдыланған. Бұл өте ыңғайлы. Жұмысқа немесе сабаққа бара жатқанда тоқтап, ала саласыз. Оның үстіне сағат 09.00-ден 2100-ге дейін бірыңғай үзіліссіз немесе демалыссыз жұмыс кестесі тауарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді. Әдетте, қабылдау пунктері негізгі сатылымдар қарсаңында, сонымен қатар әртүрлі мереке мен маусымдық өзгерістер кезінде тұтынушылардың қызығушылығын тудыратын тұрақты тауарларға ие. Осы мәліметтерді ескерсек, тұтынушылар ағыны тұрақты болатыны сөзсіз, яғни, табыс тұрақты болады.
Жаңадан бастаған кәсіпкерлердің қабылдау пунктін ашқысы келуінің тағы бір маңызды факторы — барлық процестің қарапайым әрі түсінікті болуы. Ozon операциялық тапсырмалардың көбін өз мойнына алады: бастапқы кездегі танылу, барлық логистика, барлық төлем мәселесі және тіпті салық есебін жасау. Серіктестікке тек заңды тұлғаны тіркеу, үй-жайларды таңдау және орналастыру, қызметкерлерді оқыту және қарапайым операциялық процестерді құру қажет. Сонымен қатар компанияның аумақтық менеджерлерінен барлық сұрақ бойынша кеңес алуға болады. Ал олардың кеңсесі сізбен бір уақыт белдеуінде. Қажет болған жағдайда кездесуді де жоспарлауға болады.
Бірінші апта. Жер таңдау және үй-жай қарау
Орналасатын жерді дұрыс таңдау — болашақ қабылдау нүктесінің табысты болуының басты құпиясы. Ол жердегі жолда мүмкіндігінше көп адам сәтті тоқтай алатындай қозғалыс көп болуы керек. Ең дұрысы, жақын жерде қоғамдық көлік аялдамасы, сауда немесе бизнес орталығы, мектептер, университеттер, балабақшалар болғаны жақсы. Ерекше жағдай — тыныш аудандар немесе шағын елді мекендер. Ол жерде мұндай нысанның өзі тұрғындар жиналатын тартымды орынға айналуы мүмкін.
Орналасқан жерді таңдағанда Ozon картасын зерттеп, ең жоғары табыс қайда болуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Трафикті, жақын жерде бәсекелестердің жоқтығын және нарыққа сәйкес айналымды ескеру керек. Сондай-ақ картада кепілдендірілген кіріс орындары – жеткізу пунктерінің иелері компаниядан алғашқы алты айда 3 700 000 теңгеге дейінгі соманы алған аумақтар белгіленді. Бұл ақша өзін-өзі қамтамасыз етуге тез жету үшін жалдау ақысына немесе қызметте көтерілуге жұмсалуы мүмкін.
Қызықтыратын саласын анықтаған кәсіпкерлер жалға беру туралы хабарландыруларды зерттеп, үй-жайларды іздеуге кіріседі. Ozon-ның оған қойылатын талаптары аз: бірінші қабат және жеке кіреберіс болуы керек (ауданы 25 шаршы метрден бастап). Ірі қалалар үшін қойма, тапсырыс қабылдау аймағын және фитингтік бөлмелерді жабдықтау мүмкіндігі бар. Параметрлері мен бағасы бойынша қолайлы үй-жайды тапқаннан кейін аумақтық менеджермен келісу керек. Содан соң Ozon және жалға берушімен келісім-шартқа отыра аласыз. Сонымен қатар іріктеу барысында сұрақ немесе күмән туса, менеджерге әрдайым қоңырау шалып, кеңес сұрай аласыз.
Екінші және үшінші апта: ашылуға дайындық
Бір нүктені іске қосу үшін орта есеппен екі апта қажет. Осы уақытта кәсіпкер орналасқан жерін келісіп, барлық құжатқа қол қойып, үй-жайды кішігірім жөндеп, жұмысшылар табады.
Жөндеудің жылдамдығы мен құны таңдалған үй-жайға және табылған командаға байланысты. Бірақ әдетте бұл проблема болмайды. Жөндеуге арналған нақты талап аз. Оның барлығы бренд кітапшасында сипатталған және негізінен қабырғаны бояуға арналған түстерді таңдаудан тұрады. Қажет жиһаздар мен жабдықтарды таңдау да қарапайым. Өйткені тауар алу нүктесін ашу үшін көп жабдық қажет емес. Әкімшіге арналған үстел мен орындық, қоймаға арналған сөре, сонымен қатар киім-кешек бөлмелеріне арналған перделер мен айналар керек. Технологиядан компьютер немесе ноутбук және штрих-код сканері болса, жеткілікті. Мұның бәрі жаңалық болмауы мүмкін. Ең бастысы, бәрі жұмыс істейді және сыртқы түрі лайық. Белгілер, плакаттар, парақшалар және басқа маркетингтік материалдарды Ozon компаниясы береді. Бұл шығын сметасын айтарлықтай төмендетеді.
Жөндеумен қатар жұмысшыларды іздеуді қолға алу керек. 9:00-ден 21:00-ге дейін аптасына жеті күн жұмыс істейтіндіктен, ауысыммен шығатын кем дегенде екі адамды жұмысқа алу талап етіледі. Компания қызметкерлерді оқытуға көмектеседі. Жаңадан қабылдау пунктінің иелеріне қойылатын негізгі сұрақтарға жауапты Ozon анықтамалығынан табуға болады. Егер әлі де түсініксіз болса, аумақтық менеджерге әрдайым хабарласа аласыз.
Жұмысты бастаймыз! Ozon пунктінің ішкі жүйесі
Барлығы дайын болғанда және келісілгенде жұмысқа кірісе аласыз. Маркетплейс өзі тұтынушыларға тауарларды жаңа мекенжайдан алуға болатынын хабарлайды және барлық картаға жаңа қабылдау нүктесін қосады. Бастапқыда кәсіпкерлер ең әуелі жұмыс процесін белгілейді.
Тапсырыстарды Ozon курьері жұмыс уақытында жеткізеді. Тауар қабылдануы керек және олардың қоймадағы орны арнайы өтінімде көрсетілуі қажет. Клиент келгенде қызметкер смартфоннан штрих-кодты сканерлейді, қолданбаны пайдаланып, барлық қажет тауарды тауып, жеткізілгенін белгілейді. Өнім қабылданбаған жағдайда қызметкер оны қайтарады. Серіктес қолданбадағы барлық кіріс дерегін көріп отырады және салық есебі сол жерде автоматты түрде жасалады.
Жұмысты бір жолға қойғаннан кейін кәсіпкер қабылдау пунктін танытуға назарын бөле алады. Мысалы, әлеуметтік желілерде өзінің қабылдау пунктінің ашылғаны туралы айту, тұтынушыларды ұстап тұру үшін белсенді жұмыс істеу және басқа да жарнама құралдарын пайдалану. Барлық процесс іске асқанда кіріске толығымен қанағаттансаңыз, тек негізгі сәттерді бақылай отырып, ақырындап басқа тапсырмаларға ауыса аласыз.
Кіріс пен шығыс жөнінде бірер сөз
Тапсырыс беру пункті иесінің негізгі тұрақты шығыны үй-жайды жалға алуға және қызметкерлерге жалақы төлеуге жұмсалады. Бастапқыда кепілдендірілген қаржылай қолдау осы шығынды жабуға мүмкіндік береді. Тұтынушылардың саны артқан сайын табыс та көбейеді: оның құны шамамен 2663 теңгеге дейін өнім бағасының 5%-ы, ал егер құны жоғары болса, тапсырыстағы әр затқа шамамен 1331 теңге болады. Сатушылардан және басқа логистикалық компаниялардан тапсырыс алып, табысыңызды көбейте аласыз. Сонымен қатар жақында Ozon жеткізу пунктерінің иелеріне сол үй-жайда қосымша бизнес ашуға мүмкіндік берді. Бұл, мысалы, шағын сауда автоматы немесе одан да маңызды нәрсе болуы мүмкін. Бәрі аймаққа байланысты.
Ozon тапсырысты беру пунктін ашу — арнайы білімді қажет етпейтін және барлығына қолжетімді қарапайым әрі түсінікті кәсіп. Сондықтан көп кәсіпкер бір нүктемен тоқтап қалмай, сол жерде тұтас желі жасап алады. Ең бастысы — бірінші қадамды жасау. Қалғанына Ozon көмектеседі!