Басты бетЖаңалықтарМектептер мен...

Мектептер мен ауруханалардың 10%-тен астамы жылыту маусымына дайын емес

Мектептер мен ауруханалардың 10%-тен астамы жылыту маусымына дайын емес. Жалпы білім беру нысандарының дайындығы 88%, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87% болды.

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Бүгін үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Жалпы, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88% болды. Кестеден артта қалу көрсеткіші ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркелді, — деді Қанат Шарлапаев.

Ал денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87% болды. Төменгі көрсеткіштер Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген.

Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үйде аяқталды – бұл жоспардың 68%-і. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады.