Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді.
1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді, — деді Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында 1,7 миллион оқушыға тегін тамақ беріледі.