Палестиналық ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания қаза болды. Ол Тегерандағы резиденциясында Израиль соққысынан қаза болған.
Исмаил Хания Ирандағы президент инаугурациясына қатысқаннан кейін Тегерандағы штаб-пәтеріне жасалған «сионистер» соққысынан қаза болды, — делінген ХАМАС мәлімдемесінде.
Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусы ХАМАС жетекшісінің оққағары да қаза болғанын жазды.
Израиль билігі Исмаил Ханияның қазасы жөнінде ешқандай пікір білдірген жоқ.