Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы жолайырық...

Алматыдағы жолайырық бір тәулікке жабылады

Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар бір тәулікке жөндеуге жабылады.

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

30 шілде сағат 23.00-ден 31 шілде сағат 23.00-ге дейін Биянху көшесінен туннельдің соңына дейін оңтүстік бағытта Солтүстік айналма көшесінде, шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан жолайырыққа бұрылатын жолда және батыс бағытта Кудерин көшесіндегі жолайырыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Бұл аумақты Биянху және Соқпақбаев көшелерімен айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады, — делінген хабарламада.