Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болатынын ескертті.
Ресми мәлімет бойынша, «Сырым» бақылау өткізу бекетінде көлік қозғалысы қиындайды.
ҰҚК шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан–Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» бақылау өткізу бекетінің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған, — делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Көлік жүргізушілері осыны ескеріп, қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет.