Биыл 6 мыңнан астам адам ішек инфекциясына шалдыққан

Биыл елімізде 6 мыңнан астам адам жедел ішек инфекциясына шалдыққан. Оның 80% жуығы – балалар.

Бұл туралы 24KZ. хабарлады.

Науқастардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларында тіркелген. Аурудың өршуіне ерте піскен бақша дақылдарының да әсері бар, – дейді мамандар.

Жаз мезгілі басталысымен, ішек аурулары да белең ала бастады. Қазір Астананың өзінде өткір ішек инфекциясына шалдыққан 800-ден астам науқас ем алып жатыр.

Елде тамақтан улану фактілері де жоқ емес. Жыл басынан бері 10 жағдай тіркеліп, 215 адам зардап шеккен. Оның 100-ден астамы – балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге төмен. Әсіресе қоғамдық орындарда ас ішіп, жаппай секем алатын жағдайлар аз емес, – дейді мамандар.

Елімізде кейінгі алты айдың қорытындысы бойынша нитраттан улану дерегі тіркелмеген.