Басты бетЖаңалықтарАстанада Талдыкөл...

Астанада Талдыкөл маңынан өрт шықты

Талдыкөл көлі маңында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы хабарлап отыр.

Өртеніп жатқан 1700 шаршы метр алаң оқшауланған. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр, — делінген хабарламада.