Қазақстанда бірнеше атом станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Біз, энергетика министрлігі, референдум туралы сөз қозғағанда, елімізде бір ғана атом станциясын салу туралы мәселені көтеріп отқан жоқпыз, — деді ол.
Министрдің айтуынша, жалпы алғанда атом энергетикасын және атом индустриясын дамыту туралы ойланамыз.
Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның солтүстігіне, оңтүстігіне және батысына кемінде үш атом электр станциясы қажет екенін айтқан болатын.