Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан мен Албаниядағы елшілерді тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жәнібек Әбдрашов лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Искандер Айсариев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Президент Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевті Қазақстанның Албаниядағы елші қызметін қоса атқарушы қызметінен босатты.