Басты бетЖаңалықтарЕлімізде демалыс...

Елімізде демалыс күндері бұршақ жауып, күн күркірейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты жел соғады, бұршақ та жауады.

Ауа райының қолайсыздығына Новосибирск аумағынан енген циклон әсер етеді. Сондықтан елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі температура +20+28 градус, оңтүстік-шығысында +25+33 градус болады, бірақ елдің батысы мен оңтүстігінде +33+40 градус қатты ыстық сақталады, — делінген хабарламада.