Басты бетЖаңалықтарШЫҰ саммитінде...

ШЫҰ саммитінде 700-ден астам шетелдік журналист хабар таратып жатыр

Бүгін 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты, — деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.