Тәжікстан президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Тәжікстан — 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі.
Кейінгі бес жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 миллиард болды.
ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 миллиардтан 2023 жылы $66 миллиардқа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркеліп жатыр.