Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықов қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі өзінің әлеуметтік желісінде жазды.
13 күн бойы Айдос реанимацияда өмір сүру үшін күресті, бірақ аман қалмады, — деп жазды ол.
Еске салайық, 8 маусымда БАҚ Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады.
Украина ұлттық полициясының мәліметінше, белгісіз біреу Ярмола көшесінде тұрақта тұрған көлікке жақындап, ішінде отырған ер адамға оқ атқан, содан кейін қашып кеткен. Жәбірленушінің қасында әйелі болған.
Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Киев полициясы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.