Елордада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді

ШЫҰ саммитіне байланысты Астанада үш күн бойы 15 автобустың жүру бағыты өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.

2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06.00–ден 23.30–ға дейін, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылы — Ж.Нәжімеденова к. А.Байтұрсынов к. — Қ.Аманжолов к. жүргізіледі.