Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі – «Тұлпар-Тальго», 16-сы – стандартты және қалған 16-сы қала маңында қатынайтын пойыздар.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан қосымша пойыздар жолға шығады:
- Астана-Маңғышлақ;
- Астана-Атырау;
- Астана-Шымкент;
- Астана-Қостанай;
- Маңғышлақ-Астана;
- Тараз (Жамбыл)-Астана;
- Орал-Астана;
- Қарағанды-Астана.
Қазіргі таңда Астана әкімдігімен бірлесіп жаңа вокзалға дейін жүретін қоғамдық көлік, экспресс-маршруттар ұйымдастыру туралы мәселе пысықталып жатыр.