Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 469–474 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 1 шілдеге арналған ресми бағамы — 1 долларға 471,46 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469-474 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 470,9-471,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27-5,41 аралығында саудаланып жатыр.