Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Бұл туралы Қарағанды әкімдігі хабарлады.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.
Жария талқылау Қарағанды қаласы Кеншілер даңғылы 64 мекенжайында орналасқан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтеді.