Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын болуына байланысты Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны болды. Салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар. Қырғызстанның төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғызстанда сел жүрді. Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында болған. Төтенше жағдай қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғын үйлер мен автожолдарды су шайып, екі көпір бүлінген. Облыста төтенше жағдай жарияланды.