Басты бет / Жаңалықтар /
c134c2439dc09a147b36acf2dfdae28c Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза болды

Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза болды

Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында болған. Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі дағдарысты басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқанда, барлығын сел алып кеткенін, полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғын үйлер мен автожолдарды су шайып, екі көпір бүлінген. Облыста төтенше жағдай жарияланды.

Мақала туралы ойыңыз?