Қазақстан мен Қытай арасында «ашық аспан» режимі орнайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пунктерге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші «ауа еркіндігін» пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды, – делінген көлік министрлігінің хабарламасында.
Министрлік Қазақстан Қытайға «ашық аспан» режимінде рейс орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі екеніне де тоқталған. Екі ел арасындағы әуе рейстер саны аптасына 124 рейске дейін жетуі мүмкін.