Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобайл қолданбасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды.
Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта мобайл қолданбада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:
- 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
- 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
- 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.
Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасып жатыр:
- 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
- 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.