Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін платформаның іске қосылғанын хабарлады.
Сайтта белгіленген баға бойынша:
- Қойдың құны – 75 мың теңге;
- Ірі қараның құны – 490 мың теңге;
- Сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.
Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер құрбандық малын таңдап, ақшаны Kaspi QR арқылы аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді, – деп жазылған діни басқарманың хабарламасында.
Құрбандық шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.