Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабаралды.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.
Алматы полициясы профилактикалық іс-шараларды күшейтті, оның басты мақсаты – оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларын азайту.
Қала тұрғындары арасында баламалы көлік түрлері, соның ішінде самокаттар әлі де сұраныста. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы бар, сәйкесінше жол-көлік оқиғасы да көбейген. Жыл басынан бері скутер жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуына қатысты 7500 әкімшілік хаттама толтырылған. Биыл самокаттардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті, — делінген хабарламада.
Қаза болғандар жоқ.