«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажет қол жинады. ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі, — делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.