Доллар мен рубльдің 10 маусымға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 маусым күнгі ресми бағамы — 1 долларға 447,37 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,04 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,9-449,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.