Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады, — делінген хабарламада.