Доллар мен рубльдің 7 маусымға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 маусым ресми бағамы — 1 долларға 446,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,04 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444-449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,9-448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.