Былтыр елімізде 379 мың сәби дүниеге келді, бұл бесжылдықтағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл туралы 24kz хабарлады.
Статистика бойынша, 2018 жылдан 2021 жылға дейін туу көрсеткіші едәуір өскен. Алайда пандемиядағы бэйби-бумнан кейін біраз тоқырау бар. Оған себеп – жастардың өзгерген құндылығы мен бала туу жасындағы әйел санының аз болуы. Ал халық санының артуына тек туу емес, көші-қон сальдосы да әсер етеді.
Қазіргі таңда активті репродуктивті жаста болатын мына 1999, 1998, 2000 жылдары дүниеге келген балалардың саны аз. Оған қоса, бізде некеге тұру, алғашқы баланы дүниеге әкелу жасы да ұлғайып келе жатыр. Сәйкесінше, репродуктивті көңіл күйде өзгеріп келеді. Соңғы санақ қорытындылары бойынша, 2021 жылы жас репродуктивті жастағы әйелдер бір баламен, орта репродуктивті жастағы әйелдер екі баламен шектелуді жөн көріп жүр. Жалпы көрсеткіштердің бұлай өзгеруіне бірнеше себеп бар. Әйелдерің еңбекке жиі араласуы, әр адамның жеке тұлғалық көзқарасы, урбанизация деңгейі де әсер етеді. «Өйткені қалалық аймақта баланың туу деңгейі төменірек болады, — деді ұлттық эксперт – демограф Аяулым Сағынбаева