Неукен аймағының мәдени мұраларды сақтау жөніндегі департамент басшысы Клаудия Делья Неграның айтуынша, бұл ғылым үшін — үлкен табыс. Себебі, жұмыртқалардың ішінде динозавр эмбриондарының қалдығы сақталған.
Ғалымдары эмбрион қалдықтарын зерттеп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін олардың тісі мен терісі туралы деректер бар.
Жұмыртқаның осы күнге дейін жетуіне оның сақталған жері себеп болған. Ол жер бұрын сор болған екен, кейін жанартау шөгінділерінің астында қалып қойған.
Бұл жұмыртқаларды осы маңда тұратын малшы осыдан бірнеше жыл бұрын тауып алыпты. Бірақ ол туралы ешкімге тіс жарып айтпаған, тек бүгін ғана ғалымдарға хабарлаған.