Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылында кеше түнде бөгеттен су өтіп кетті. Толқын күшейген кезде бөгеу жұмыстары қайта жанданды.
Б9л туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ырғыз ауданындағы Құйлыс ауылында су тасқынына қарсы күрес жұмыстары 4 сәуір күні басталды. Бүгінге дейін бөгетті бекіту жұмысы жалғасып жатыр. Кеше түнде толқын күшейіп, сол бөгеттен су өтті.
Түнде жағдай қиын болды. Жел күшейіп, толқын болды. Теңіз жағасы қандай болса, бізде де сондай жағдай. Қорқынышты болды, себебі ауыл маңы теңіз сияқты суға толды. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрді құрады десек болады. Бірақ ауыл суға кетпеді. Қазіргі кезде 100 адам жұмыс істеп жатыр. Ауылда 12 техника бар. Төрт тиегіш, жеті КамАЗ және 1 К700 бар. Мұндағы жағдайды келіп, көру керек. Біздің тасқынмен күресіп жатқанымызға 50 күн болды. Бұл шалшық емес, бұл үлкен су. Су әлі келіп жатыр, — деді Тәуіп ауылдық округінің әкімі Камал Тілеужанов.