Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі таңғы 10.10 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында жатыр.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.9.
  • MPV Магнитудасы — 5.7.
  • Жер сілкінісінің бағыты — 40,43° с. б. 77,03° ш. б.
  • Тереңдігі — 10 шақырым.

Қазақстан аумағында нақты Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.