Қала аумағында шомылуға рұқсат берілген 97 жағажай бар. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, қала аумағында 140 туризм нысаны орналасқан. Инвестициялық қаржыға бой көтеретін демалыс орындарының саны – алты. Оның біреуі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Қалалық жағажайда 40 кәсіпкер жұмыс істейтін болады. Жауапты мекеме дәретханалар, 20 қоқыс жәшігін орнатады. Кәсіпкерлер де өз аумағында әжетхана мен жуынатын орын қоюы қажет. Сонымен қатар мұнда ақпараттық баннерлер ілініп, су көлігі тұрағы жасалады, белгіленген аумақта ғана жүзу үшін суға пластик заттар (буи) орнатылмақ, — делінген хабарламада.
Жазғы маусымда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 50 құтқарушы, жеті жүзу құралы жұмылдырылады.
Қаладағы туризм саласының дамуы үшін ауқымды іс-шаралар өтетін болады. 2023 жылы «Oceanмan», «Рок фестивалі», «Rock family fast» шарасы өткен еді, — делінген хабарламада.