Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 440–445 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 16 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 441,41 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 440—445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 440,7—442,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75—4,85 аралығында саудаланып жатыр.