Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаевтың...

Қуандық Бишімбаевтың ісі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.

Алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот Байжановқа қатысты төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық, 29 сәуірде прокурор Саяхат Нұрбеков айыптаушы тарап Байжановқа қылмыстық кодекстің 434-бабы – «қылмыс туралы хабарламау» бойынша жартылай айып тағудан бас тартып, оған қатысты қылмыстық істі қарауды жалғастыру қажет деп санайтынын айтқан еді.

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, аса ауыр қылмысты «жасыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.