ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 13 мамыр күні сағат 11.44-те жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.1. MPV магнитудасы — 4.4. Жер сілкінісінің координаттары 41,63° с.е. 71,67° ш.б. Тереңдігі – 15 км.
Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.