Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі таңғы 09.12 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.2.
  • MPV Магнитудасы — 5.7.
  • Жер сілкінісінің координаттары — 42,73° с. б. 79,21° ш. б.
  • Тереңдігі — 10 шақырым.

Қазақстан аумағында нақты Алматы облысының Кеген ауданында Кеген ауылында 2 балл көлемінде сезілген.