Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасып жатыр.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониториң жүргізіліп жатыр.
ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, — делінген хабарламада.