Биыл сәуірде теңге бағамы 1,1%-ке, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Осы орайда сарапшылар теңге-доллар жұбындағы мұндай өзгерістің неге байланысты екендігін айтты.
Ұлттық банктің мәліметінше сәуірдегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 миллиард АҚШ доллары болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде 1 056 миллион АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 21%-ін және күніне 48 миллион АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде болады.
Ұлттық банк сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-і, — деп хабарлады Ұлттық банктен.