Басты бетЖаңалықтарДоллар 441–446...

Доллар 441–446 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441–446 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 443,37 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,83 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441–446 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 442,7–444,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71-4,78 аралығында саудаланып жатыр.