Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

«Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жер асты дүмпулері 28 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 04:58-де тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 320 км жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы –  9.9. MPV магнитудасы  – 4.8.

Эпицентрдің координаттары  – 44.79° С. Е. 80.23° ш. б. Тереңдігі  – 10 км.