Нақты мәнде жалпы ішкі өнім алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық статбюро хабарлады.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ЖІӨ көлемі 120,5 триллион теңге болды.
Ең жоғары өсім көрсеткен салалар:
- Құрылыс — 13,3%
- Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль мен мотоцикл жөндеу — 11,3%
- Ақпарат және байланыс — 7,5%
- Көлік және қойма — 7,1%
- Тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну — 5,4%
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 4,6%
Есепті дерек бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 2023 жылы 13 276,7 АҚШ доллар болды.