Алматының сегіз ауданында 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіледі.
Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлады.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізілетін жердегі тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: судың жол бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы, тағы басқасы. Мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталыққа мына 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) телефондар арқылы, сонымен қатар 109-ға хабарлаңыз, — делінген хабарламада.