Алматыда 135 адамды кене шақты

Алматыда 135 адамды кене шақты. Олардың арасында 84 бала бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі мәлімдеді.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметованың айтуынша, 1 наурыздан бастап кене инфекцияларына және халықтың кене шағуына байланысты медициналық ұйымдарға өтініштеріне апта сайын мониториң жүргізіледі.

Эпидемиялық маусымның басынан бері медициналық ұйымдарға кене шаққан 135 адам жүгінді, оның 84-і бала. Көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ке жоғары. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді, — деді Алмаш Ахметова.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласының маңы кене инфекцияларының тасымалдаушысы иксод кенелері таралған эндемиялық аймаққа жатады.

Биыл қалада кене инфекциясы тіркелген жоқ. Алматыда кене шағуынан зардап шеккен адамдарға шұғыл көмек көрсету медициналық ұйымдардың бес травматологиялық пунктінде жүзеге асырылады. Серопрофилактика пунктері кенеге қарсы иммуноглобулинмен қамтамасыз етілген, қазір 19 литр 766 мл бар, — деді маман.